Ұландар жедел-жәрдем қызметкерлеріне көмектесті
7 наурызда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды – Қостанай тас жолы бойында жолдан шығып кеткен жедел-жәрдем көлігіне Ұлттық ұлан жауынгерлері көмек қолын созды.
Бейнежазбадан көктайғақтың салдарнан жедел-жәрдем көлігінің жолдан тайып, қалың қарға тұрып қалғанын көруге болады.
– Біздің әскерилер кезекті тапсырмадан келе жатқан еді. Кенет жолдағы оқиғаны байқап, ойланбастан көмектесуге кірісті. Оқиға кезінде жедел-жәрдем көлігі жол бойына шығарылып, сапарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ, – дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Тохтаров.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА.