Ұландар да мерекені атап өтті
Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығында салтанатты іс-шара өтті. Шараға өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді.
Шара барысында әскерилерге тарихи видео-деректер көрсетілді. Сонымен қатар, Нүркен Әбдіров атындағы орта мектебінің «Жас бүркіт» әскери патриоттық сыныбының оқушылары концерттік бағдарлама қойды. Қарағанды экономикалық университетінің көркемөнерпаз ансамблі мен Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінің көркемөнерпаздары да концерттен қалыс қалмады.
– Қазір еліміз көркейіп, жыл өткен сайын дамуда. Ал, біз бейбіт заманның әскерилеріміз. Ата-бабамыздан мирасқа ұланғасыр жер қалды. Біздер сол мирасқа әрқайсымыз лайықпыз. Отанымыз аман болсын, – деді Сакентай Амантайұлы.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz