Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлім етті.

– Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, – деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.

Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.