Кубаның ұлттық телеарнасында Димашқа арнайы бағдарлама шығарылды

Кубаның Canal Clave телеарнасында Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Sueno Bonito музыкалық бағдарламасының премьералық шығарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.

Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасында Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес. 2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisión ұлттық телеарнасының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында алғаш рет атап өтілген еді.

Араға бір жыл салып дәл сол бағдарламада Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды. 2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») музыкалық бағдарламасының шығарылымында қайта пайда болды.

Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенге 45 минуттық шығарылым арналды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.