Жаңалықтар

«Кселл» Бұқтырма су қоймасындағы барлық демалыс орындарын мобильді интернетпен қамтамасыз етті

«Кселл» компаниясы Бұқтырма су қоймасының маңында 3G және 4G / LTE қолдайтын базалық станциялар орнатты. Ғаламтормен барлық негізгі демалыс орны қамтылды. Енді компания абоненттері жазда жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалана алады.


Барлығы 6 жаңа станция орнатылды. Төртінші буын Интернеті
«Голубой залив» және «Айна» демалыс орындарының маңында қол жетімді болды. Үшінші буын Интернеті «Мохнатка», «Аюда» және Жаңа Бұқтырма ауылдарында пайдалануға болады.

«Осы аймақта мобильді интернетті қамту процесінің өз ерекшелігі бар. Жолсыз және соқпақсыз таулы өлке жұмысымызды біраз қиындатты. Бір базалық станцияны орнату үшін, мамандарымызға барлық қажетті материалды тауға жаяу көтеріп шығаруларына тура келді. Мысалы, станцияға арналған бір аккумулятордың салмағы 40 кг, ал мұндай батареяның сегізі орнатылуы керек. Станция тетіктерінен басқа, тұғыр дайындауға қажетті – су, цемент, құм, қиыршық тас тәрізді құрылыс материалын да қолмен тасуға туралы келді» – деді Өскемен қаласындағы «Кселл» АҚ филиалының жетекшісі Динара Байскакова.

Бұқтырма Қазақстанда ең ірі су қоймасы болып саналады және әлемдегі ең ірі жасанды су қоймасының бірі. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлден кейінгі екінші ең танымал курорт.

2017 жылы Бұқтырма су қоймасына туристер ағымы 64 мың адамнан* асты, бұл 2016 жылға қарағанда 41% артық. Су қоймасы мен ондағы демалыс орталығы Қазақстан азаматтары арасында да, ресейліктердің арасында да танымал.

«Біз 4G / LTE басымдық бере отырып мобильді интернетпен кеңірек қамту жұмыстарын жалғастырудамыз. Төртінші буын желі іске қосылғаннан бері біздің компания 50%-дан астам қазақстандық тұрып жатқан 24 қала мен елді-мекенге ғаламтор жеткізді. Өткен жылы, ШҚО-да 4G жоғары жылдамдықты Интернетке Риддер, Зырян және Шемонаиха тұрғындары қол жеткізді. Биылғы жылы компания Аягөзде 4G іске қосуды жоспарлап отыр. Біз осы жылы туристік маусым кезінде, қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары арасында ең танымал және белгілі демалыс орнының бірін мобильді интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін қуаныштымыз. Бұқтырма су қоймасына келетін туристер ағымы жыл сайын өсіп келеді, бұл таңқаларлық емес, өйткені Шығыс Қазақстан өзінің табиғи сұлу жерлерімен танымал. Біз абоненттерімізге Қазақстанның басқа өңірлерінен және басқа елдерден туристерді тарту үшін әлеуметтік желі және мессенджер арқылы осы тамаша өлкеден бейне және сурет жіберіп, өз әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісулерін қалаймыз», – деді «Кселл» АҚ коммуникация департаментінің жетекшісі Наталья Еськова.

*  ҚР статистика комитетінің дерегі бойынша   өздігінен ұйымдастырылған туризмді есепке алмағанда)

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button