Коррупциясыз қоғам – басты мақсат

Приозерск қаласы активінің таяуда өткен отырысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тоғызыншы тармақты талқылауға арналды.

Маңызды мәселе талданған жиында жастар ресурстық орталығының заңгері А.Жақсыбекова, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы Д.Болжурова, облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Шалғымбаев, персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы А.Баекешова, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау мен ақпараттық технологияны жетілдіру бөлімінің басшысы А.Рахимбаева ой-пікірін ортаға салды.

 

«Өзіңнен баста»

Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ұлан Алмас пен психолог Алуа Уәлиханова қала әкімдігінің штаттан тыс қызметкерлерімен өткізген семинар-тренинг осылай аталды.

Қатысушылардың қызығушылығын тудырған басқосуда күнделікті тұрмыс пен қызмет бабында кездесетін жағдайға қатысты әртүрлі тақырып талқыланып, түсінік жұмысы жүргізілді. Бейнетаспа көрсетіліп, тартымды ойын ұйымдастырылды.

 

«Парасыз болашаққа бірге барайық!»

Бұл – құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мен қоғамда жемқорлыққа жол бермеу мақсатында құрылған жедел топтың атауы. Біздіңше, өте орынды.

Құрамына қала әкімі аппаратының жетекшісі, жергілікті полиция қызметінің басшысы, қала жұртшылығының, шағын және орта бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері еніп, жемқорлыққа жаудай тиюді жоспарлаған жедел топ жұмысын «Балақай» балабақшасында тұрғындармен кездесуден бастады. Келесі кезекте бірқатар банкке бармақшы.

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.