Қаражал

Комбинаттың тұрғындарға тартуы

    Жәйрем кентінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, салатанатты жиын өтті. Іс-шараға Қаражал қаласының әкімі Қайрат ШОРМАНБАЕВ, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы Алексей БУРКОВСКИЙ қатыс­ты.

   Қала әкімі Қ.Шорманбаев қалың қауымды ұлық мерекемен құттықтап, ширек ғасыр уақыт аралығында мемлекеттік деңгейде, оның ішінде, аймақ аумағында қол жеткізілген жетістіктерді тұщымды түрде тілге тиек етті. Кенттегі мекемелер мен қала құрушы кәсіпорынның үздік еңбеккерлерін марапаттады.

    Іргелі кәсіпорын басшысы Алексей Бурковскийдің жомарт пейілмен ұсынған сый-тартулары тұрғындарды айрықша қуанышқа кенелтті. Ол Тәуелсіздіктің мерейлі тойына шашу жоралғысы ретінде №30 орта мектебіне 1 млн. теңге, №10 орта мектебіне 2 млн. теңге және «Балдырған» балабақшасына 2,4 млн. теңгенің қайтарымсыз қаражат ретінде берілетінін мәлімдеп, сертификаттарды табыс етті. Сондай-ақ, комбинат басшысы кенттегі мешіт имамына – «Niva Chevrolet» және жергілікті полиция бөлімшесінің бастығына «Уаз» автокөліктерінің кілттерін тапсырды.

    Алдағы жылы комбинат қаржысы есебінен кент ауруханасы ғи

маратына, №30 орта мектептің шатырына, жергілікті әкімдік пен полиция бөлімшесі ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұдан тысқары, жаңа мешіт салынып, ескі мешіт үйі діни сауатын ашушыларға арналған медресе ретінде жабдықталады. Комбинат іргетасы бұрынырақ қаланған мешіт асханасының құрылыс жұмыстарын тиянақтау­ды да меже тұтып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаражатымен сырт келбеті келісті күйге енген мәдени-сауық орталығының ішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтары жаңартылмақшы. «Балдырған» балабақшасының ауласын уақыт талабына лайықтап жаңғырту жобасы да – күн тәртібінде. Алдағы жылы «Жәйрем полиметалдары» жобасы іске қосылса, кент тұрғындары толықтай жұмыспен қамтылуы да мүмкін.

    Тұрғындардың комбинат басшылығына деген алғысын мешіт имамы Мүрсәлі Ақмағамбет пен №30 орта мектептің директоры Гүлнәр Бақтыбаева жеткізді.

    Салтанатты жиынның соңы көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button