АймақБас тақырыпСаран

Үкімет басшысы Саран қаласының ірі индустриалды нысандарын аралады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды ortalyq.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Суреттер Үкіметтің сайтынан

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет басшысына облыс бойынша 61 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылғанын айтты. Жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын жобалар 14 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың басым көпшілігі тау-кен өнеркәсібі, металлургия және құрылыс салаларын қамтиды.

2024 жылы 252 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, катодты мыс, кремний қорытпалары, жел энергетикасы мұнаралары, мырышталған металл бұйымдары және т.б. шығару бойынша жаңа өндірістер ашылуы тиіс. Саран қаласында жүк автомобильдерінің өндірісі іске қосылады.

Saran индустриялық аймағын аралау кезінде Үкімет басшысы 2021 жылы іске қосылған автобус шығаратын «Qaztehna» зауытының жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда кәсіпорында шағын торапты құрастыру, дәнекерлеу және бояу цехтары жұмыс істейді.  2023 жылы мұнда 1 700-ге жуық автобус шығарылды. Зауыттың өнімі Қазақстанның ішкі нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жіберіледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button