Жаңалықтар

Кент келбетіне көрік қосып тұр

Биыл жаз бойы Топар кентіндегі 36 көпқабатты үйдің сырты сыланып, әрленіп, шатырлары ауыстырылып, әдемілене түскен еді. Енді кенттің Сейфуллин көшесіндегі 5 қабатты үйдің бұрышына салынған мұрал оған одан сайын көрік қосып тұр.

Сурет автордан

Бұл суретте доп қуып жүрген екі балғын жас бейнеленген. Әрі бұл үй салынып, бітіп, жуырда пайдалануға берілетін Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің дәл іргесінде орналасып, осы елді мекен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырып тұрғандай әсер етеді.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button