АймақШет

Кент келбеті ажарланып келеді

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы Шет ауданында қарқынды жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқасында ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы ерекше серпін беруде. Биылдың өзінде аталған жобалар аясында ауданға қарасты елді мекендерді көркейту, абаттандыру, сәулеттендіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Оның ішінде, көше жолдарына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Мойынты кентіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы көше жолы жөнделіп, қыркүйек айының соңында пайдалануға берілді. Бұдан бұрын көлік өтсе, шаңы аспанға көтеріліп жататын көше жолына асфальт төселіп, сапалы жасалған жол кент тұрғындарының көңілінен шықты. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Көп жылдар жөндеу көрмеген мәдениет үйінің қасбеті жаңартылып, сахна, көрер­мендер залына толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кенттің келбетіне көрік қосқан жаңа саябақ ашылды.

Шет ауданы әкімі М.Мұхтаров пен «Bapy Mining» ЖШС-нің директоры В.Югайға кездесуде тұрғындаар экологияға, сырқаттанған азаматтарға медициналық көмек көрсету, кентті абаттандыру жұмыстарына қатысты тағы басқа да мәселелерді жеткізген еді. Жуырда сол мәселелердің бірі шешімін тапты. «Bapy Mining» ЖШС-і терминалы мен ауылға дейінгі аралыққа 350 түп қарағаш отыр­ғызылып, ұзындығы – 306 метр, ені – 12 метр, биіктігі 1,5 метр қоршау орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Кәсіпорын алдағы уақытта да демеушілік көрсетеді.

Айтса айтқандай, ауыл ажары бұ­рын­ғыдан өзге­ріп, тәп-тәуір көрікке ие бо­лып­­­ты. Кенттің кейпі көрген жанның көзін қуантады екен.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button