Жаңалықтар

Әкелер және аналар күні: елімізде екі жаңа мереке пайда болмақ

Қазақстанда аналар және әкелер күні атап өтілмек. Бұл туралы ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне аналар күні мен әкелер күнін енгізуді ұсынды.

– Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі, – делінген құжатта. 

Түсіндірме құжатта Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне “Аналар күні” мен “Әкелер күні” мерекелерін енгізу Қазақстан Республикасында отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететіні жазылған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы 2023 жылғы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button