Приозерск

Кеңестің келелі істері

    Жуырда Приозерск қаласы бойынша Жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиналысқа Жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және қала тұрғындары қатысты.

Кеңес отырысында «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы А.Жүсіпов, Қарағанды облысы ІІД Приозерск қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры К.Байекешов баяндама жасады.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақты ұстап тұру бойынша іс-шаралар жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысты ертерек анықтап, оған жол бермеу, келесі жылда атқарылатын жұмыс жоспары қаралды. Кеңестің қызметіне белсенді қатыспайтын Кеңес мүшелерін шығарып тастау туралы мәселе де басқосудан тыс қалмады.

Жергілікті өзін-өзі басқару

аумақтық кеңесі.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button