Kaspi.kz арқылы сүйікті басылымыңызға жазылыңыз!
Бұдан былай газет-журналдарға жазылу үшін Қазпоштаға барудың қажеті жоқ. Kaspi.kz қосымшасы арқылы үйде отырып-ақ қалаған басылымыңызға жазыла аласыз.
Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Төлемдер» бөліміне өтесіз. Одан кейін «Іздеу» батырмасы арқылы «Жазылым төлемі» деген бөлімге кіресіз. Осы функцияға кіргеннен соң қарсы алдыңыздан баспа басылымдарының атауы шығады.
Әуелі басылымның атын тауып, жазылу кезеңін таңдайсыз. Аты-жөніңіз бен байланыс нөмірін жазып, «Жеткізу мекенжайы» деген жолды толтырасыз. Бұл жүйені толық орындап біткен соң «Жалғастыру» батырмасын басып, басылым бағасын енгізсеңіз болды. Түбіртекті сақтап қойсаңыз артық болмайды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz