Қарқаралы

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

     Қарқаралы ауданының әкімі Халел МАҚСҰТОВТЫҢ аудан балаларына арналған жаңажылдық шыршасы қарағай, қайыңмен көмкерілген тамаша табиғат аясындағы «Тасбұлақ» демалыс орнында өтті.

    Аудан басшысы жиналған оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өткен жылдың маңызды сәттерін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, келе жатқан жыл табысты жыл болсын деген ізгі тілегін жеткізе келе, әр мектептен арнайы шақырылған 100 балаға арналған жылы күртеше мен қыстық аяқ киім және тәтті тағамдар салынған қораптарды сыйға тартты. Аудандағы барлық мектептен жиналған балалар жасыл шырша жанында жиналып, ертегі әлеміндегі кейіпкерлермен бірге көңіл көтерді. Бірі – Аяз ата мен Ақшақар болса, бірі – түрлі аңдардың кейпінде, басым көпшілігі мультфильм кейіпкерлерінің маскаларын киген.

    Ел ағаларының осындай әдемі көңіл-күй сыйлағанына риза болған №44 мектептің оқушысы Ә.Амантай өзінің перзенттік жылы лебізін білдірді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button