Кәсіпкерлікке – қолдау
Жуырда ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Бас комитетінің кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласы бойынша семинар өтті.
Айтулы шараға Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Е.Серікұлы, облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бұламбекова, Сәтбаев қаласының НЗСПС және СУ прокуроры А.Брімбетов, Жезқазған қаласы бойынша НЗСПС және СУ прокуроры Т.Тоққошқарова арнайы қатысты.
Жиын барысында «Qamqor» мобильді жобасы таныстырылды. Аталған жоба арқылы әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда хаттама электронды түрде тіркеледі. Яғни, дерек қорына ақпарат бірден түсіп отыратынын мәлімдеді. Құқықбұзушылық әрекет жайлы мәліметтерді алу ҚР азаматтарының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы жүзеге асады. Мобильді қосымшаны «android» жүйесі «PlayMarket», «ios» жүйесі «App Stor» арқылы орнатуға болады. Бұл біріншіден кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша үлкен көмек екендігі айтылды.
Өз тілшімізден.
ҰЛЫТАУ ауданы.