Кәсіпкерлікке – кең өріс

   Жуырда Приозерск қаласы мәслихатының мәжіліс залында «Халықтың сенімі» жобасының «Бизнестік ортаны дамыту» бағыты аясында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге мемлекеттік мекемелердің басшылығы, өкілдері мен қаламыздың кәсіпкерлері қатысты. Сондай-ақ, басқосуда сөз алғандардың қатарында Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының өкілі де бар.

Кездесуге қатысушылардың саны 50 адамды құрады. Кездесудің басты тақырыбы –  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Кездесу аясында кәсіпкерлеріміз сұрақтар қойып, қажетті ақпараттар алды. Қойылған сұрақтардың барлығына түсіндірме жауаптар берілді.

Жалпы, бизнесті дамыту және шаруа қожалықтарын несиелендіру, жер телімі сияқты мәселелер кездесуде көптеп көтерілді.

Өз тілшімізден.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.