Жаңалықтар

Кәсіпкер құқығын қалпына келтіру

«Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ 2022 жылы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту бойынша конкурс жариялаған болатын.

Конкурсқа қатысу үшін дара кәсіпкер тиісті құжаттарды тіркей отырып өтінім берген.

Алайда, міндетті төлемдер бойынша берешектің болуына байланысты конкурстық комиссияның өтінімді қабылдмаған.

Облыс прокуратурасы кәсіпкердің өтінішін қарау кезінде берешектің жоқтығын анықтады.

Прокурордың кәсіпкерге конкурсқа қатысуға жол бермеу бойынша іс-қимылдарды заңсыз деп тану туралы наразылығы конкурсты ұйымдастырушы тарапынан қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осыған байланысты қадағалау органы әкімшілік талап-арызбен сотқа жүгінді.

Сот шешімімен прокурордың талаптары қанағаттандырылды, конкурсты ұйымдастырушының әрекеттері заңсыз деп танылды, кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button