Жаңалықтар

Көрмеде кездесейік

– Билеттерді қайдан сатып алуға болады?

– Қарағандыда «ЭКСПО»-ға билеттерді барлық «Қаз­пошта» бөлімшелерінен және «Таир», Орталық әмбебап дүкені және «City Mall» сауда үйлерінде орналасқан кассалардан сатып алуға болады.

– Билеттер сатылымының жүйесі қандай?

– «ЭКСПО» билеттері ашық және жабық даталармен демалыс және жұмыс күндері үшін де сатылады.

Сонымен қатар, арнайы күндерге арналған билеттер де болады: 10 маусым – көрменің ашылуы, 6 шілде – Астана күні, 30 тамыз – Конституция күні, 10 қыркүйек – көрменің жабылуы. Осы күндері жеңілдікті және тегін билеттерді көрмеге кіре берістегі кассалардан алуға болады.

– Ол билеттердің құны қанша?

– ашық датамен жұмыс күндері – 6000 теңге;

– ашық датамен демалыс күндері – 8000 теңге;

– жабық датамен жұмыс күндері – 4000 теңге;

– жабық датамен демалыс күндері – 6000 теңге.

– Тегін және жеңілдікті билеттер кімге ұсынылады?

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар, жетім және 6 жасқа дейінгі (6 жасты қоса есептегенде) балалар жеңілдікті билеттерді алуға құқылы.

Мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер, көп балалы ата-аналар мен 4 және одан көп кәмелетке жетпеген, бірге тұратын балалары бар көп балалы отбасылар билетті 50% жеңілдікпен сатып ала алады. Шетелдік азаматтарға жеңілдік жүрмейді, ал, 6 жасқа дейінгі балалар үшін жеңілдік қарастырылған.

Жеңілдікті билетті сатып алу кезінде жеке тұлғаны куәландыратын құжат пен жеңілдік беретін құжатты ұсыну керек.

Әзірлеген

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Back to top button