ЖаңалықтарРуханият

Көрме – көпшілік назарында

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында жаңа көрме ашылды. Экспозиция мұражай қорынан жиналған және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған. Көрермендер 150-ден астам жәдігерді көре алады.

жәдігер

Ұйымдастырушылар бұл көрмені екі бөлімге бөлген – «Қазақстан өнері» және «Қарағанды өнері». Экспозиция қонақтарды қазақтың ұлттық қолданбалы өнерімен таныстырады. Өнерсүйер қауым көрме залының бір бөлігінен киіз үйдің салт-дәстүрімізге сай жабдықталғанын тамашалайды. Әрі киіз бұйымдарының түрлерімен таныса алады.

Экспозицияның брінші бөлімі Әбіл­хан Қастеев және Қанафия Телжанов, Сабыр Мәмбеев және Жанатай Шәрденов, Айша Ғалымбаева және Гүлфайрус Исмаилова секілді танымал шеберлердің шығарма­шы­лығына арналған. Бұл тұлғалар – бейнелеу өнерінің реалистік мектебінің құрылуында алғашқы шепте тұрғандардың бірі.

Ал, көрменің екінші бөлігінде ТМД-ның белгілі суретшілерінің кескіндеме жұмыстарымен қатар, шыныны үрлеу арқылы әртүрлі өнер туындыларын жасайтын шеберлердің (Украина) жұмыстары, Ресейдің қыш шеберлерінің өнер туындылары ұсынылған.

жәдігер4

Көрме ұлттық өнердің көп қырлылығын және байлығын көрсетеді.

Көрермендер көрмені қыркүйектің ортасына дейін тамашалай алады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button