Жаңалықтар

Күре жолдағы қауіпсіздік шаралары дронмен бақыланады

Қарағанды-Балқаш тас жолында жиі орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының қызметкерлері Қарағанды облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып, дрондар пайдалануда. Бұл күре жолдағы апат санын азайтуға септігін тигізеді дейді мамандар.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тас жолының 1492,4 – 1855 (Қарағанды-Балқаш) учаскесінде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты полициямен бірлесе жұмыс істеуде.
Полиция патрульдердің санын көбейтіп, сондай-ақ тас жолдағы жағдайды алыстан бақылау үшін дрондар ұшыруда. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары жылдамдықты сақтамау, демалыс пен ұйқы режимін бұзу және басқа да себептерден орын алады.
Полицейлер Қарағанды облысының тұрғындарын белгіленген жол қозғалысы ережелерін бұзбауды талап етуде. Өйткені, бұл жол апатының санын азайтуға септігін тигізбек.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button