АймақБалқаш

Көпшіліктің көлге қамқорлығы

Балқашта еріктілер көл жағалауындағы қоқысты жинауды қолға алды. Игі шараға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін белсенді атсалысты. Олар небары 3 сағаттың ішінде, жағалаудың 7 гектар жерін тазалап, 230 қап қоқысты шығарды. Тазалық жұмысына қала тұрғыны Анар АДАМБЕКОВА мұрындық болды.

– Көлдің жағасы қоқысқа толып кеткені ашындырды. Демалушылар үнемі қоқыс қалдығын қалдырып кетеді. Бүгін қоршаған ортаны тазалауға кірісіп кеттік. Балалар мен менің құрбыларым жағалау маңын тазалауды жөн көрдік. Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі қолдау білдірді. Тазаланып жатқан жерден қоқыстарды шығару үшін екі жүк көлігі кезекшілік атқарды. Қала тұрғындарын қоқыс шашпай, қайта бірігіп жинауға шақырамын, – дейді Анар Адамбекова.

Бұл бастама демалушыларды тазалыққа шақырудың айқын көрінісі деп отыр балқаштықтар. Сондықтан, халықтың тазалыққа келгенде селқостық танытпауларын сұрайды.

Өз тілшімізден.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button