Күнгей аумағында рұқсат етілмеген жерге заңсыз қоқыс төккен азамат ұсталды
Күнгей тұрғындарының шағымы бойынша Қарағанды облысының экология департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері бірнеше рет “КамАз” ауыр жүк көлігімен қоқыс төккен азаматты тауып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес хаттама жасалып, ескерту жасалды. Экология департаментінің мамандарымен 66 жастағы тұрғынға тиісті ескерту жасалып, аталмыш жердегі қоқысты тазартып, полигонға шығарылды.
Ескеріңізге сала кетейік, заңсыз орындарға қоқыс төккендерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабында (“Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу”) айыппұл қарастырылған: жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (172 500 тг.), лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг.).
Қарағанды облысының экология департаменті рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп отырады. Рұқсат етілмеген жерде заңсыз қоқыс төккен фактілерді анықтаған жағдайда 8 (7212) 41-22-99 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz