Бас тақырыпЖаңалықтар

Күн электр станциясы іске қосылды

Қарағанды облысы тағы бір «Жасыл» нысанмен толықты. Кеше Шет ауданының Ақадыр кентінде қуаты 50 МВТ құрайтын күн электр станциясы іске қосылды. Осылайша, аймақ жаңартылған энергия көздерін енгізу бойынша республикадағы көшбасшы өңірге айналды. Бұл – биыл жүзеге асырылған үшінші ірі жоба.

– Бізде бір мақсат бар. Бұл Елбасы ның тапсырмасы – Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30%ға жеткізу. Біз бұл мақсатқа сенімді қадам басып келеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

– Бүгін біз облыста үшінші ірі күн электр станциясын іске қостық. Бұл жоба өңіріміздің өнеркәсібін дамыту үшін өте маңызды. Күн энергиясын дамыта отырып, қуат тапшылығын еңсеріп қана қоймай, экологиялық мәселелерді де шешеміз.

Шет ауданындағы күн электр станциясы 125 гектар жерді алып жатыр. Мұнда қуатты қосалқы станциялар мен 150 мың гелиопанель орнатылды. «Ақадыр» КЭС облыс әкімдігінің «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірлескен жұмысы барысында Solarnet Investment GmbH компаниясының инвестициясына салынды. Жобаның құны – 55 млн. еуро.

 – Бұл – компанияның Қарағанды об лысында іске қосып отырған екінші күн электр станциясы. Аталмыш жобалар неміс инвесторлары, облыс әкімдігі және «Kazakh Invest» ҰК»

АҚ бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр, – деп атап өтті бас инвестор Йохим Голдбек.

Голдбек бүгінде электр станциясының қуаттылығы сағатына 25 МВт энер гияны құрайтынын айтты. Және күн фермасының қуатын 76 МВт-қа де йін ұлғайта отырып, кеңейту туралы келісімге қол жеткізілген.

Биылғы жылдың басында Қарағанды облысы еуропалық инвесторлармен баламалы энергетиканы дамыту жөнінде меморандум жасасты. Болашақта бұл тағы 500 МВт күн энергиясына қол жеткізеді және 500 млн. еуро тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға мүм кіндік тудырады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қарағанды облысында Саран мен Гүлшат кентінде екі күн электр станциясы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда үш электр станциясы сағатына 200 МВТ-қа дейін энергия өндіріп отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button