Көмір бағасы бір жылда 10 пайызға қымбаттады
Биыл сәуір айының соңында Қазақстанда бір тонна көмірдің орташа құны 17,4 мың теңге болды. Бір жылда 10 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Ortalyq.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 69,4 млн. тонна көмір және көмір концентраты өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,3% аз. Бір жыл бұрын да көмір өндіру 2% қысқарған болатын.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы өндіріс көлемінің жартысынан астамы Павлодар облысына, үштен бір бөлігі Қарағанды облысына, қалғаны Абай облысына тиесілі.
Отандық шахталар 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша сұранысты (ішкі нарықтағы сатылым және экспорт) 99%, 2023 жылғы қаңтар–маусымда 99,3% қамтамасыз етті.
Көмір экспорты 6,9% қысқарып, 13,2 млн тоннаны құрады, ал ішкі нарықта сату көлемі 10%, 38,2 млн тоннаға дейін азайды.
– Қазақстанда көмір бағасы 2024 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша бір жылда 10,3% өсті. Бір жыл бұрын баға 12,3% өскен. Көмір бесінші жыл қатарынан қымбаттап жатыр, – деп жазылған хабарламада.
Биыл сәуір айының соңында Қазақстанда бір тонна көмірдің орташа құны 17,4 мың теңге болды. Қыркүйек айындағы баға қазан айында жарияланады, бірақ динамикаға сүйенсек, қазіргі құн төмендемейді немесе сақталып қалмайды.
Көмір жаһандық бастапқы энергия тұтыну бойынша мұнайдан кейінгі екінші орында: тиісінше 26%-дан 32%-ға дейін. Одан кейін табиғи газ: 23%. Су энергиясы мен атом энергиясы сәйкесінше 6% және 4%, ал басқа жаңартылатын энергия көздері 8%-ға тең.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.