Жаңалықтар

Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды  Оrtalyq.kz sn.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Алайда, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Төленбеген 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button