Бас тақырыпРесми

Көлік министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев облысқа жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдің негізгі көлік инфрақұрылымының жағдайымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Суреттер: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Көлік саласына жауапты министр ең әуелі «Сарыарқа» әуежайына барды. Аталған нысан еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі.

Өз кезегінде ведомство басшысы әуе айлағы қызметінің барысымен танысты. Әуежай 1980 жылы бой көтерген. Жасанды ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жұмыстары келесі жылдың басына жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жолаушылар терминалы ғимаратының жалпы ауданы 30 866,6 шаршы метр. Жыл басынан жолаушылар ағыны шамамен 83 мың адамды құрады.

2023-2024 жж. аралығында 495 жүк және 2500 жолаушылар рейсі орындалды. Келесі жылы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және перрондық техниканы жаңарту көзделіп, сондай-ақ жанармай құю кешенінің құрылысы қарастырылған.

Жұмыс сапары аясында Көлік министрлі Қарағанды қаласындағы №3 автобус паркіне барды.

Қазіргі таңда қала тұрғындарына 12 аудан аралық маршрут, 19 қала ішінде қатынайтын маршрут бойынша қызмет көрсетіледі.

Жалпы автобус паркінде 550 бірлік автобус бар. Жаңарту бағдарламасы аясында қаланың автобус паркі жаңа ыңғайлы қоғамдық көлікпен де толықтырылған. Бүгінде Қарағандыдағы автобус паркі мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button