Басты тақырыпЖаңалықтар

Көлік қалдығын өңдейтін зауыт Қарағандыда ашылады

     Тозығы жеткен темір тұлпарлардың енді қаңқасы әр жерде қарайып шашылып жатпайды. Бұрын көліктердің қалдықтарын өңдейтін зауыттың жоқтығынан құны қара бақыр еді. Енді, бұйырса, бұларды өңдеп, іске жарататын тұңғыш зауыт Қарағандыда ашылмақ. Дәлірек айт­қанда, олардың қалдықтарынан болат, алюминий, түсті металдар өндіріледі. Ал, зауыт құрылысын наурыз­да бастауға бел буып отырған нысан қожайыны «Recycling Company» ЖШС. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағында бой көтеретін зауыттың құрылысы туралы инвестициялық кеңесте келісім жасалған еді.

«Recycling Company ЖШС компаниясының бас директоры Александр Рябининннің айтуынша, жер телімін алған соң дереу құрылыс басталады.

Александр РЯБИНИН, «Re­cy­cling Company» ЖШС бас директоры:

Жер алған соң құрылысты бастаймыз. Қазір осы бағытта әкім­дікпен жұмыс жүргізудеміз. Жақын арада жұмыс басталады деген үміттеміз. Наурыз айында болуы мүмкін.

Тозған көліктер мен олардың жарамсыз қосалқы бөлшектерін зауыт Қазақстанның барлық қала, өңірлерінен жинайды. Естеріңізде болса, ескі көліктерді өңдеу бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде елі­міздің облыстарында қолданыстан шық­қан көлік құралдары жинақталуда. 2016 жылдың 30 қарашасынан бастап, көлік қалдықтарын жинақтаудың дербес пункттері ашылған-тын. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 10 мың ескі көлік жоюға қабылданады деп күтілуде. Жоюға тапсырылатын көліктер екі санат бойынша қабылдануда. Толық жинақта ескі көлігін тапсырғандар 150 мың теңге, көлік шанағы, есігі, қозғалтқышы, қорабы міндетті түрде бар, бірақ жүрмейтін көліктерге 48 мың теңге беріледі. Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға бөлінген жалпы қаражат сомасы – 1 миллиард 250 мың теңге. Былтыр жыл соңында іске қосылған бағдарлама операторы ескі көлікті тапсыру үшін алдымен сол аймақта квотаның бар-жоғын тексеріп алу қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ www.avto.recycle.kz сайтынан көліктің қай санатқа жататынын білу мүмкіндігін де еске салған еді.

Ендігі кезекте осы жинақталған ескі көліктер Қарағанды облысына жеткізіліп, аталған зауытта өңделмек.

Ал, компания – қазақстандық. Жо­баның құны – 3,4 млрд.теңге көле­мінде. Зауыт іске қосылғанда 70 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button