Жаңалықтар

Күләш Байсейітованың қызы өмірден өтті

Қазақстан опера өнерінің негізін салушылар Күләш пен Қанабек Байсейітовтердің қызы Қарлығаш Байсейітова 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ ұлттық опера және балет театры Қарлығаш Байсейітованың өмірінің соңғы күндеріне дейін ата-анасының естелігін мұқият сақтап, Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөліскені туралы жазба жариялады.
– Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы Қарлығаш Байсейітованың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның мейірімділігі, шынайылығы, халықына, музыка өнерінің тарихи мұрасына бей-жай қарамайтындығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады,- деді театр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button