Қарағанды

Көктем кеші көңілді

Айналаны мейірімге бөлейтін көктем айы келгенде «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешілері ұлттық дәстүрді насихаттады. Балабақшадағы «Құлыншақ» ортаңғы топ бүлдіршіндері шараға белсенді атсалысты.

Қазақ халқының ұлттық киімін киген тәрбиеші А.Байзақова көңілді әуенмен, дәстүрлерді насихаттаған мерекені безендірді. Балалар салт-дәстүрге арналған өлең жолдарын оқып, музыка жетекшісі Г.Оспанова дайындаған әндерді айтып, биші О.Грибоедованың мың бұралып, нақышына келтіріп үйреткен билерін билеп, ата-аналар мен қонақтарды бір серпілтті. Сонымен қатар, тәрбиешілер қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалар тілімен әңгімелеп жеткізіп берген соң, осы топ балалары қазақы дәстүрлер рәсімінен көрініс көрсетті. «Теңге алу», «Қыз қуу», «Бесікке салар» секілді дәстүрлер орындалған көріністерде әженің ролін Еркеназ Шаяхметова, келіннің ролін Еркежан Ибраева сәтті орындап шықты. Тәрбиеші Е.Мұстаханова мерекелік кештің көркін кіргізді. Мерекеге арналған көрсетілім өте тартымды әрі қызықты болды. Әжелер мен аналар дайындаған шаралар көптің көңілінен шықты.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button