Жаңалықтар

«Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

2-3 наурызда елімізде «2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Биылғы оқу-жаттығуды үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қарағандыда орналасады. Оқу-жаттығудың жетекшісі – ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде іс-шаралар кешені өткізіледі: тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар және авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар, эвакуациялық іс-шаралар, хабарландыру жүйесін тексеру, халықты уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын тексеру және т. б.

2 наурызда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Садовое ауылында облыстық аумақтық АҚМЖ кіші жүйесінің тәжірибелік іс-шаралары өткізіледі. Авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының күштері мен құралдарының дайындығы, далалық лагерін жаю, адамдарды судан құтқару, Нұра өзеніндегі мұз жару, суды сору және т. б. жұмыстарды іс жүзінде орындау жоспарланған.

Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2023 жылғы 2 наурызда ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button