Жаңалықтар

Күдебаевқа үкім шықты

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Үкімді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Абдилла Умбетай шығарды. Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ сотталушы тағылған айыппен келіспей, кінәсіз екенін жеткізді.

– Мен кінәлі емеспін. Тағылған айыппен келіспеймін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды, – деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Бүгін сағат 11:00 де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевті сот залына арнайы күзетпен жеткізді. Сот отырысы 13:25-те басталды. Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтің ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен келгенін мәлімдеді. Прокурор судьядан С.Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

30 наурыз, сағат 11:00-де Серік Күдебаевқа қатысты сот процессі өтуі тиіс болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмеді. Соған оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты. Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ал 27 сәуір күні Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button