Жаңалықтар

Үйінді астынан 205 сағаттан кейін бір әйел аман шықты

Түркияда үйінді астынан адамдарды құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі күннің ақпараты бойынша, Кахраманмараш қаласында жер сілкінісінен кейін 205 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан бір әйелді құтқарып алып шықты.

35 жастағы Айшегүл Байыр Оникшұбат ауданындағы қиранды астынан табылды. Құтқарушылар оны шығару үшін 5 метрлік туннель қазған. Зардап шеккен әйелге сол жерде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Жергілікті құтқарушылар үйінді астында аман жатқандар әлі көп болуы мүмкін деп отыр.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button