Бас тақырыпБілім

ІТ-ді тегін игереді

Алдағы уақыттта 18 жастан 45 жасқа дейінгі қазақстандықтар ІТ мамандықтарды тегін игере алады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, Tech Orda бағдарламасының жаңа ағынына өтінімдерді қабылдау astanahub.com платформасында 31 шілдеге дейін жалғасады.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Жобада веб-сайттар әзірлеу, 3D дизайны және 3D AR/VR қосымшалары және операциялық жүйелерді дамытуды игеруге кең мүмкіндік бар. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік пен IoT, жасанды интеллект пен алгоритмдер, мобильді қосымшаларды құруды үйрену де назардан тыс қалмайды. Big Data және GameDev сияқты салаларды қамтитын басым секторлардың барлық спектрі бағдарлама үйренушілердің назарына ұсынылады.

– 2024 жылы бағдарламаға қатысуға өтініш берген 131 жеке IT мектептің 79-ы аккредиттеуден өтіп, 178 түрлі курстар ұсынды. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ұзақтығы таңдалған курсқа байланысты 6 айдан бастап өзгереді. Оқыту форматы онлайн, офлайн және гибридті форматта жүреді. Бұл жоба студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіпті игерудің неғұрлым ыңғайлы тәсілін таңдау­ға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Әзиз Тілеумұратов.

Astanahub.com порталында мектептер мен курстардың толық тізімі және ІТ мектептердің витринасы бар. Қосымша ақпаратты таңдалған ІТ мектебінен немесе 1818 телефоны арқылы білуге болады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button