Жаңалықтар

Ислам дəстүрді дəріптейді

Жақында «Достық» үйінде облыс имамдары бас қосып, биылғы жылдың жұмыс жоспарын пысықтады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам жəне дəстүр құндылығы» жылы деп жариялады. Алқалы жиындағы əңгіме осы тақырып төңірегінде өрбіді.

Суреттер ұйымдастырушылардан алынды

Рухани іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Сектай, ҚМДБның Қарағанды облысындағы өкіл имамы Естай Айтуғанұлы жəне қала, аудан, ауыл имамдары, мешіт ұстаздары қатысып, «Ислам жəне дəстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен танысты.

Облыстағы бас имам Естай Айтуғанұлы жуырда Астана қаласында өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын имамдарға кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар жүктеді.

– Дəстүрлі исламды дəріптеу мемлекет деңгейінде жақсы көтеріліп келе жатыр. Дін мен дəстүріміздің ғылыми-теория лық негізін дамыту да əрқашан өзекті. Бас Хазіретіміз сол себепті биылғы жылды «Ислам жəне дəстүр құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл бастама ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолын, төл мəзһабын, ұлттық құндылықты, қазақы болмысымызды дəріптейді. Сондықтан, қадірменді имамдар, ұстаздар осы бағытта барынша бірлесіп, жұмыс атқарайық, – деді бас имам.

Сонымен қатар, бес бағыттың жұмысын қарқынды атқару, діни басқарманың тапсырмаларын уақытылы орындау, бес бағыт бойынша есеп беру, дін мен дəстүрдің байланысын барынша насихаттау, жамағатпен жұмысты жаңаша бағытта үйлестіру секілді жұмыстар пысықталды.

Жиын соңында белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Жақында «Ислам жəне дəстүр құндылығы» жылына орай алғашқы іс-шарада өтті. Облыс имамдары арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир тартысты өтті.

Қарағанды қаласындағы «Қайрат» спорт кешенінде өткен додада дін қызметкерлері он командаға бөлініп, дəстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту, лəңгі тебу ойындары бойынша бақ сынасты.

Мұндағы мақсат белгілі – ұлттық спортты имамдардың, ұстаздардың өмір салтына айналдыру.

«Алдағы уақытта осы секілді дəстүрге, ұлттық болмысымызға сай рухани іс-шаралар жалғасын табады» дейді дін қыз меткерлері.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button