Ішкі саясатта – тұрақтылық

«Біздің тірегіміз – тәуелсіздік,

мақсат – тұрақтылық,

күш – бірлікте!»

Н.НАЗАРБАЕВ.

2016 жылы ішкі саясаттың жұмысы ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Есептік жылды бірқатар айтулы оқиғалар қамтыды, Қазақстан Республикасының 25-жылдығы, Қарағанды облысының 80-жылдығы, сондай-ақ, атаулы мерейтойлар, мәселен, белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуы, Приозерск қаласының 60-жылдығы.

2016 жылы 2500 қоғамдық маңызы зор шаралар өткізілді. Ерекше мәнге ие болғаны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар, мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелер, облыс мерейтойы болды.

Жыл соңы «25 жұлдызды күн» аясында, әрбір күн Тәуелсіз Қазақстанның нақты бір саладағы айтулы жетістігіне арналған «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жалпы атауындағы шаралармен ерекшеленді.

Шараның белсінді қатысушылары ретінде барлық тұрғындар қатысты. Олардың арасында ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, жұмысшылар, дәрігер, студенттер және тағы да басқа тұрғындар бар.

Ішкі саясат басқармасы негізгі қызметінің бірі – тұрғындар арасында негізгі бағдарламалық құжаттарды іске асырудағы атқарушы билік тарапынан жүргізілген шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Бұл мақсатта облыста 19 ақпараттық топ жұмыс істейді, олардың құрамында 722 үгітші бар. Биыл облыстық және қала, аудандық ақпараттық топ 5156 кездесу өткізіп, 509 мың адамды қамтыды.

Республикалық, облыстық, қалалық жә­не аудандық топтардан бөлек, бағдарла­ма­лық құжаттардың негізгі қағидаттарын тү­сін­діру үшін ел көлемінде белгілі қоғамдық қай­раткерлер, ғалымдар, шығармашылық зия­лы қауым өкілдерінен лекторлар тартылды.

2016 жылы лекторлар ретінде тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Т.С.Садықов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің профессоры Л.У.Асылбекова, белгілі күйші-композитор А.Байбосынов сияқты тұлғаларды атауға болады.

Мұндай деңгейде 2016 жылы 30 кездесу өткізілді, онда 2500 адам қамтылды. Лекторларға және ішкі саясат саласындағы қызмет ететіндерге көмек үшін басқарма 2016 жылы 5 мың таралымы бар 3 әдістемелік нұсқаулық шығарды.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс аумағында 1159 үкіметтік емес ұйым бар. Олар 2016 жылы 13 бағыт бойынша жұмыс жүргізді.

Ішкі саясат басқармасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қаржыландырудың сомасы 2016 жылы 26 821, 0 мың теңгені құрады. Жобаларды іске асыру үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған. Бұл болса, олардың санының артуына ықпал етті. Мәселен, 2015 жылы 1035 болса, 2016 жылы –1159, өсім 13 пайызды көрсетті.

Соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта еңбек заңнамасын, медиативті техникаға оқыту, «Медиация туралы» ҚР заңын түсіндіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Бұл бағытта 6 семинар өткізіліп, оған 350 адам қатысты.

Сонымен қатар, басқарма ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырды. Өткен жылы 2 конференция өткізілді. Конференция қатысушылары мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, кәсіподақ ұйымдары, Қарағанды облысының барлық өңіріндегі ғалымдар болды.

Басқарманың ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды бір бағыты әлеуметтік сұрау салу болып табылады. 2016 жылы басқарма түрлі бағыт бойынша 19 әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды.

Облыс аумағындағы саяси партия филиалдарымен, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың өзара қарым-қатынасына баса назар аударылады. Партия филиалдарымен ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру үшін барлық жағдай жасалған. Мәселелерді талқылауда «Диалог алаңы» – дөңгелек үстелдер, кездесулер, отырыстар, кеңестер болды. 2016 жылы мұндай 10 шара іске асты.

Партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің көшбасшылары ірі қоғамдық-маңызы зор шараларға қатысады, облыс әкімінің, қала және аудан әкімдерінің тұрғындармен есепті кездесуінде олар көтерген мәселелеріне тиянақты жауап алады.

Сонымен бірге, басқарма мемлекеттік рәміздерді насихаттап, оны қолдануда жұмыс жүргізеді. 2016 жылы республикалық инспекциялық топ мүшелері, облыстық комиссия арқылы облыстағы мемлекеттік рәміздердің жергілікті жерде қолданылуының жағдайын зерттеу мақсатында 400 ұйым қамтылды.

Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссия мүшелері 3 отырыс өткізді, онда қала және аудан әкімдерінің 13, басқарма басшыларының 5 есебі тыңдалды.

Қарағанды облысы еліміздің көпұлтты аймағының бірі, сондықтан да, ұлттық мәдени бірлестіктер қызметі айрықша мәнге ие.

Есепті кезеңде бұл бірлестіктермен бірге ұлттар тілін, мәдениеті мен халық дәстүрін дамытуға бағытталған шаралар іске асты. Мәдениет бірлестік басшылары облыстың қоғамдық-саяси шараларына белсене араласты. Ұлтаралық келісімді нығайтуда этно-мәдени бірлестіктердің азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастығының кеңеюіне баса мән беріледі.

Облыста Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, қоғамдық мәселелер және ұлтаралық келісім бойынша облыстық мәслихаттың партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобы, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы табысты еңбек етуде.

Жыл басынан бері қалалар мен аудандарда Қоғамдық кеңестер ұлттық мәдени бірлестіктер өкілдерімен 950 шара өткізді. Олардың арасында дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, байқау, фестивальдар бар. Аталған шаралар аясында арнайы ұсыныстар мен ұйғарымдар дайындалды.

Басқарма бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыста.

2016 жылы ақпараттық мемлекеттік саясатты орындау үшін мемлекеттік тапсырысты орындауға 31 БАҚ негізгі 38 тақырып бойынша тартылды.

22 тақырыптық медиа-жоспар жасалып, жүзеге асты. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау және түсіндіру, Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын іске асыру жөніндегі «Ұлт жоспары –100 қадам» бар. Жалпы оларды жариялауға облыста 5-6 бұқаралық ақпарат құралы жұмылдырылды, оның 20-сы республикалық.

2016 жылы Президент Жолдауын насихаттау және түсіндіру үшін облыстық БАҚ-да 5000-нан астам материал жарық көрді, оның ішінде: 4500 – баспасөз, 500 – электронды, «Ұлт жоспары – 100 қадам» 5 инстиуционалдық реформаны іске асыруда – 3500 материал.

Баспасөз хатшылары қызметінің, БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық тиімділігін арттыру үшін басқарма республикалық медиа-қоғамдастығының белгілі тренерлерімен оқыту семинарларын өткізеді. Есепті жылы мұндай 2 семинар өтті. Оның біреуінде модератор болған белгілі журналист Айгүл Мүкей.

БАҚ өкілдерімен атқарушы билік үшін белгілі диалог алаңы болған алаң – орталық коммуникацияның өңірлік қызметі. Ол ресми түрде 2016 жылы 17 ақпанда жұмысын бастаған болатын. Өңірлік коммуникация қызметі алаңында 2016 жылы 43 брифинг өтіп, оған облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты.

Сондай-ақ, басқарма міндетінің бірі – сыни жарияланымдар мен бейнесюжеттерге облыс әкімінің тапсырмасымен алдын ала қабылданған алгоритм бойынша жедел әрекет ету болып табылады. Бүтіндей алғанда, есепті кезеңде мұндай 112 тапсырма берілді (26 – электронды БАҚ бойынша, 66 – ақпарат агенттіктерінде, 20 – баспасөзде).

Жалпы, биылғы жылы да аталған бағыттар бойынша ішкі саясат саласында жұмыс жалғасады.

2017 жыл бірқатар ірі оқиғалар мен мерейлі күндерге толы.

Биылғы жылдың ірі оқиғасы ХХҮІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алматы қаласында өтуі болмақ (29 қаңтар – 8 ақпан).

10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында әлемдік деңгейдегі ірі оқиға- халықаралық арнайы көрме «ЭКСПО-2017» өтеді.

Еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалар да өзінің мерейлі тойын атап өтеді. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮ сессиясы (сәуір), Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне – 25 жыл (мамыр), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына – 25 жыл (маусым), астананы Алматыдан Астанаға ресми көшірудің 20 жылдығы (маусым), Дүниежүзі қазақтарының Ү Құрылтайы (ІІ-ІІІ тоқсан), алыс және жақын шетелмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына – 25 жыл.

Сонымен бірге, биылғы жылы Қазыбек бидің 350 жылдығына, «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған шаралармен толыға түспек. Өзінің 80 жылдығын биыл Қазақстанның түсті металлургиясының маңызды орталығының бірі – Балқаш қаласы атап өтпекші.

2017 жылғы барлық қоғамдық-саяси шаралар, күнтізбелік мерекелер бір тақырыптық алгоритмге топтасады – ол Мемлекет басшысы жария еткен, қазақ халқының тарихи тәжірибесі, тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жолы дүниеге әкелген «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.

Н.РЫСТИН,

«Қарағанды облысының

ішкі саясат басқармасы» ММ

басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.