Баған

Іс нәтижесімен құнды

Ел тізгінін қолға алған ҚасымЖомарт Тоқаев инаугурация кезінде сөйлеген сөзінде алдағы бес жылда немен айналысатынын айтып, маңызды он бағытты айқындап берді. Яғни, бәсекеге қабілетті, халықты ойлайтын, жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат құрып, байға да кедейге де ортақ заң, әділ сот орнатуды қолға алатынын, халықтың табысын арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамту басты назарында болатынын айтты. Президент сонымен қатар, ел экономикасын арттырып, ауыл-аймақтың дамуы, қазына қаржысының ханталапайға түспеуі қатаң бақыланатынын ескертті.

Бір сөзбен айтқанда, алда аса жа­ уапты міндеттер тұр. Басты мәселе – нақты нәтижелерге қол жеткізу. Бұл кездейсоқ емес. Тәуелсіздік жылдары елімізде «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»», «2003-2015 жылдарға арнал­ ған индустриялық-инновациялық да­ му Стратегиясы», «30 корпоративті көшбасшы», «Бизнестің жол карта- сы-2020», «Стратегия. Қазақстан-2050» тәрізді бірқатар мемлекеттік бағдар­ ламалар дайындалып, іске қосылғаны белгілі. Қазақ елін дамудың табан жолынан өркениеттің даңғыл жолына бейімдеуге, үш мәрте орын алған әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарысты өз деңгейінде еңсеруге бұл бағдарламалардың игі әсері болғанын атап өткен жөн.

Кемшіліктер де орын алуда. Мәселен, үдемелі индустриалды-иннова­ циялық мемлекеттік бағдарлама бойын- ша ашылған кәсіпорындардың қазір барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр деп айта алмаймыз. Керісінше, экраннан кезінде іске қосылғандығы туралы салтанатты сәті кернейлетіп көрсетілген кәсіпорындар көп ұзамай тоқтап қалып немесе өздерінің жобалық қуатын то­ лық игере алмай жатты. Мұндай көз­ бояушылыққа ендігі жерде жол беріл- меуі керектігі туралы, құрғақ цифрлар емес нақты көрсеткіштердің қажет екендігі жөнінде Мемлекет басшысы да ұлықтау рәсімінде атап өтті.

Аталмыш бағдарламалардың мемле­ кеттік бюджет есебінен қаржыланды­ рылғанын ескерсек, бөлінген қара­ жаттың орынды не орынсыз жұм­ салғаны, оның игерілу көлемі жайында да айтар әңгіме баршылық. Осы ретте Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның мемлекет тарапынан қабылданған барлық бағдарламаларға сараптама жасалып, қаржылық тұрғыдан арнайы тексерістер жүргізу керек деген талабы орынды деп білемін. Айталық, ауылды өркендету бағдарламасына мол қаражат бөлінгеніне қарамастан, отандық экономиканың драйвері сана- латын ауыл шаруашылығы саласының қара үзіп кеткені шамалы, мұндағы түйіні тарқатылмаған мәселелер әлі де шаш-етектен.

Тағы бір мысал. «Мықты аймақ­ тар – мықты Қазақстан» акциясы шеңберінде Үкімет тарапынан 88 іс-шарадан тұратын «Жезқазған, Сәт­ баев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» қабылданып, мемлекет бюджетінен жалпы құны 351,5 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл кешенді жоспардың орындалысы жайлы да бүгінгі күні толыққанды мәліметтерді алу мүмкін болмай отыр. Сол себепті ағымдағы жылғы 15 наурызда Алматыда өткен «Ұлытау – қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен хандық билік институтының алтын бесігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметовке Үкіметке депутаттық сауал жолдауға өтініш білдірілген болатын. Бірақ, мәселе әзірге жабық күйінде қалуда. Өте өкінішті, әрине…

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,

саясаттанушы.

Басқа материалдар

Back to top button