Бас тақырып

Өңірге жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин келді

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин келді. Жылжымалы Республикалық кеңесте экономиканың нақты секторын дамыту әлеуеті талқыланды. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа таныстырылды. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту туралы ақпарат баяндалды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

11 айдың қорытындысы бойынша республикада экономиканың дамуы оң серпін алды, деп атап өтті Серік Жұманғарин. Жалпы, экономиканың өсуі 4,4%. Негізгі капиталға инвестициялар 3,1%-ға өсті, ең көп ағын шикізаттық емес салаларда байқалады.

– Инвестициялар тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде және экономиканы әртараптандыруда шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және т. б. сияқты нақты секторға инвестицияларды тарту және игеру орталық және жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жобалардың жалпыұлттық пулы құрылып, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды, – деді Серік Жұманғарин.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа платформа барлық кәсіпкерлерге, мемлекеттік органдарға және қаржы институттарына тиімді болатынын атап өтті. Бұл инвесторлардың проблемалық сұрақтарына уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның қалыптасуы туралы Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов толығырақ айтып берді. Алаң инвестициялық жобаларды жедел сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және инвестициялық қызметтің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ашық қолжетімділікте жаңа кәсіпорындар салу үшін бос учаскелер, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат жаңартылатын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер үшін жасыл дәліз, прокурорлық сүзгі модулі қарастырылған.

Қарағанды облысындағы экономика мен инвестициялық қызметтің өсу көрсеткіштері туралы әкімнің орынбасары Ермек Алпысов баяндады. Жыл басынан бері өңірде 1,1 трлн теңге инвестиция тартылып, өткен жылға қарағанда бір жарым есе өсті. 13 мың жұмыс орнын құра отырып, 1,3 трлн теңгеге 55 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биыл 200 млрд теңгеге 13 жаңа өндіріс іске қосылып, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың ішіндегі ең ірілері – үймелеу әдісімен катодты мыс өндіру, кремний қорытпалары зауыты, алғашқы Қазақстандық маркетплейс. 2025 жылға 2200 жұмыс орнын құрумен 131 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба жоспарланған. Облыс экономикасының одан әрі өсуі мен әртараптандырылуы үшін металлургиялық және кремний кластерлерін құру жұмыстары жүргізілуде.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігі жұмыстың негізгі бағытын өңірлерге қарай шоғырландыратынын хабарлады.

– Қарағанды облысы – өнеркәсіптік тұрғыдан белсенді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Әсіресе серіктес қалаларда белсенділік жоғары. 10–15 жыл бұрын күрделі жағдай болды, ал қазір Саран, Шахтинскі қалаларында біздің көз алдымызда жаңару жүріп жатыр. Сондықтан біз осы үлкен селекторды өткізуге келдік. Ұлттық экономика министрлігі экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударатын болады. Бұл салық түсімін әкеледі және ЖІӨ-ге қосымша үлес қосады, – деді Серік Жұманғарин. – Жергілікті атқарушы органдар соңғы жылдары жақсы бюджеттік дербестікке ие болды.

Ұлттық экономика Вице-премьер – министрі жұмыс сапары барысында «Qarmet» АҚ-да болып,

Saran және «Сарыарқа» АЭА индустриалдық аймақтарындағы бірқатар кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button