Ресми

Өңірдегі автобус парктеріндегі ескі маршруттар жаңартылады

Биыл облыс бойынша қала ішіне қатынайтын 195 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Бүгінде оның 95-і жолға шыққан. Енді қалған 100 автобус жыл соңына дейін сатып алынып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Жыл соңына дейін сатып алынуы керек 100 автобустың 96-сын №3 автобус паркі, ал, қалған төртеуін – «Рейс» ЖМ сатып алады. №3 автопаркі жаңадан сатып алатын автобустың 36 бірлігін қалааралық маршруттардағы ескірген құрамды жаңартады. Нәтижесінде, Қарағандыдағы автобустардың 50%-ы жаңартылады, – деді Мақсұт Қожанов.

Былтыр Саран қаласына QazTehna зауытынан шыққан су жаңа 11 автобус сатып алынып, қалаішілік қолданысқа берілген. Биыл Абай ауданына жыл соңына дейін «СемАЗ» зауытынан 8 автобус сатып алынбақ. Осы арқылы ауданішілік бағытта қатынайтын ескі автобустарды жаңарту көзделген.

– Бұдан бөлек, Балқаш қаласы бойынша да қалаішілік маршруттағы ескірген автобустарды толық ауыстыру мәселесі пысықталуда. QazTehna зауытынан өнеркәсіпті дамыту қорының жеңілдікті тетігі арқылы 29 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда. Автобустар 2024 жылдың басында жеткізіледі деп күтілуде, – дейді Мақсұт Қожанов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button