Өңір экономикасында өсім байқалады

    Жуырда облыс әкімінің міндетін атқарушы Асылбек ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ қатысуымен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты өткен он бір ай қорытындысы жасалып, келер жылғы жоспарлар талқыланды.

    Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, есеп беру кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен мақсатты көрсеткіштерге жету жұмыстары – экономиканың өсімін қамтамасыз ету жалғастырылды. Ең бастысы, өткен 11 ай қорытындысында, негізгі көрсеткіштер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім қарқыны сақталды. Оған өнеркәсіп өнімдерінің – 4,8%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 5,5%-ға өркендеуі негіз болып отыр. Сонымен бірге, транспорт, қаржы салаларының да қадамын нық басып келе жатқандығын айта кету керек. Сөйтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы негізгі көрсеткіштер бойынша республиканың алдыңғы қатарлы орындарынан көрінді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.