Ресми

Инфрақұрылым өзегі – жол

Биыл Қарағанды облысының аумағында жол-құрылыс маусымы барысында 600 шақырым жолға жөндеу жүргізілді.

 

 оның ішінде: облыстық маңызы бар 356 шақырым жол;

– қалалар мен аудандарда 244 шақырым жол.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 6 жолды қайта жаңартудың ауыспалы объектілері бойынша жұмыстар жалғасты:

– Ұзындығы 9 шақырым «Үштөбе­-Құрылыс» автомобиль жолын қайта жаңарту;

– Ұзындығы 21 шақырым  «Жартас-­Долинка» автомобиль ­жолын қайта жаңарту;   

– Ұзындығы 17 шақырым «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» автомобиль жолын қайта жаңарту;

– Ұзындығы 16 шақырым «Осакаровка­-Молодежное» автожолын реконструкциялау;

– Ұзындығы 20 шақырым «Киевка-Шахтер-Пржевальское» автожолын қайта жаңарту;

– Ұзындығы 20 шақырым «Нұра-Осакаровка» автожолын ­реконструкциялау

2023 жылы барлық жобалар бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары басталды. Мұстафин қаласында бүгінгі таңда көпір құрылысының қадаларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, осы жылы жалпы ұзындығы 313 шақырым 20 жол учаскесі  орташа жөнделді.

Облыс бойынша барлық жоспарланған міндеттерді іске асыру үшін жол-құрылыс маусымы барысында 2 мыңға жуық мамандандырылған техника мен 50 асфальтбетон зауыты жұмылдырылды.

Жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылуда, биыл ­«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 5 мың жұмыс орны құрылды.

Өткен жылы облыс өңірлерінде 244 шақырым жөндеу жүргізілді, оның ішінде:

– Арнайы жоба «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде 12 шақырым кентішілік жолдар;

– Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен 157 шақырым;

– сондай-ақ, қалалар мен аудандардың жергілікті бюджеттері есебінен 75 шақырымжол.

2022 жылы жүргізілген барлық жұмыстар жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлес салмағын нормативтік жағдайда 89% – ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жұмыс ­өндірісінің сапасын бақылау мақсатында ұлттық сапа орталығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілетін жұмыстар мен Қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын сақтау тұрғысынан белсенді жұмыс жүргізуде.

Құрамында мердігерлік ұйымдардың зертханалары, сондай-ақ, Авторлық және техникалық қадағалаулары болуымен қатар, тәуелсіз зертханалар да тартылады.

Жолдарды жөндеу бойынша негізгі жұмыстармен қатар тұрғындардың келіп түскен өтініштері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген жарияланымдардың шағымдарын шешу бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, ұстау шеңберінде 2,3 мың м2 шұңқырларды жөндеу және 11 мың м2 көлемінде фрезерлеу әдісімен жол бұзушылықтарын жою жұмыстары жүргізілді.

Осылайша, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Мемлекеттің экономикалық ­саясатының басым міндеттерінің бірі көлік кешенін, оның ішінде жолаушылар тасымалы саласын дамыту болып табылады.

Облыста 8 халықаралық, 17 ­облысаралық, 46 ауданаралық, 132 қалаішілік, қала маңындағы және ауданішілік қатынастарды қамтитын 203 тұрақты автобус қатынасы ­ұйымдастырылған.

Автобус тасымалы саласында жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыру ­болып табылады. Бұл бағытта жылжымалы құрамның жағдайы ерекше рол атқарады.

Өткен жылы облыс орталығында «№3 автобус паркі» ЖШС Саран қаласындағы «QazTehna» зауытында шығарылған сыйымдылығы үлкен 50 жаңа автобус сатып алынды.   Биыл жыл басында «Таксокомбинат-1» ЖШС кәсіпорны сатып алған тағы 40 жаңа Yutong маркалы автобус жеткізіледі деп күтілуде.

Автобустар паркін жаңарту ағымдағы жылы да жалғасады. Атап айтқанда, облыс орталығын серіктес қалалармен байланыстыратын аудан­аралық (қалааралық облысішілік) маршруттарда ескірген жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарлануда. 2023 жылы №3 Автопаркпен 25 жаңа автобус сатып алу мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, биыл облыс орталығында сыйымдылығы жоғары 100-ге жуық жаңа автобус сатып алу көзделуде.

Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдың 1 желтоқсанынан ­Қарағанды қаласының маршруттарында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (ЖТЭЖ) жұмыс істейді, 2022 жылдың қазан айынан бастап сараланған тариф енгізілді. Бұл жүйенің тиімділігіне көз жетті және ол жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға айтарлықтай әсер етті.

Осыны ескере отырып, Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыс орталығы мен Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қала­ларымен, Топар және Шахан кенттері арасындағы  аудан­аралық (қалааралық облысішілік) маршруттарда ЖТЭЖ енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, аталған маршруттардағы тарифтер қолма-қол ақшасыз тәсілмен жол ақысын ­төлеген жағдайда 80 теңгеге дейін төмендетіледі. Бұл шара халықтың сұранысын қанағаттандыруға, еркін қозғалу мүмкіндігін және тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Теміржол көлігі саласында Басқарма 9 әлеуметтік маңызы бар облысішілік теміржол қатынасы бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастырды. Өткен жылы облыстардың бөлінуіне байланысты №610/609 «Қарағанды-Жезқазған» теміржол бағыты Қазақстан ­Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) қарамағына беріле отырып, облыс­аралық қатынас деңгейіне ауысқанын атап өткен жөн. ҚР ИИДМ ақпараты бойынша қазіргі уақытта №610/609 «Қарағанды-Жезқазған» бағытын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар тізбесіне енгізу бойынша ­жұмыс жүргізілуде, одан кейін маршрутқа қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу жоспарлануда. Конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін жолаушыларды тасымалдау штаттық ­режимде жалғасатын болады.

Азаматтық авиация саласына қатысты. Басқарма өткен жылы ­Қарағанды-Жезқазған облысішілік әуе қатынасы бойынша ұшуды ­ұйымдастырды. Бұл ретте, 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап әуе қатынасы бойынша ұшулар күнделікті режимде орындалды, бұрынғы тариф 10 000 теңге мөлшерінде сақталды. Ұлытау облысының құрылуына байланысты бұл әуе қатынасы ҚР ИИДМ құзыретіне берілді, ағымдағы жылдан бастап ұшуларды «Южное Небо» әуе­компаниясы орындайды.

Сондай-ақ, облысқа 8 авиа­маршрут қызмет көрсетті, оның ішінде 2 халықаралық – Қарағанды-Мәскеу, Қарағанды-Анталия (маусымдық) және 6 облысаралық қатынас.

Сонымен қатар, өткен жылы ­облыстың әуежай инфрақұрылымын дамыту шаралары басталды.

2022 жылғы 5 қазанда Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев облыс әкімдігіне Үкіметпен бірлесіп, Балқаш қаласының әуе айлағын ­әуежайларды дамыту бағдарламасына енгізу қажеттігін атап өтіп, жолаушылар тасымалы саласында кешенді шаралар қабылдау арқылы Балқаш өңірінің туризмін дамыту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау аясында Басқарма ағымдағы жылы Балқаш қаласының әуежайын қайта жаңарту бойынша ауқымды жобаны іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ­ҚР ­ИИДМ-мен бірлесіп 2024 жылдан бастап Шымкент, Түркістан, Жезқазған қалаларынан Балқаш ­қаласына маусымдық әуе қатынасын ашу мәселесі пысықталуда.

Осы іс-шаралардың барлығы Балқаш қаласының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Жалпы, ағымдағы жылы Басқарманың қызметі халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және облыстың көлік инфрақұрылымының жай-­күйін жақсарту мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

 Мақсат МҰҚАШЕВ,

облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы басшысының м.а

 

 

Басқа материалдар

Back to top button