inDriver қосымшасының негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды
inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.
– Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді, – деп жазды министр.
Арсен Томский 2022 жылдың күзінде берген сұхбатында компания кеңсесінің Якутскіден Алматыға көшуі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі және 2016 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының онлайн-агрегаторы не себепті бұғатталғаны туралы айтты.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.