Имамдарға арналған қызметтік пәтердің қазығы қағылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» атты жобасы аясында имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында қарағандылық «Имамдарға арналған қызметтік пәтер» құрылысы басталды.
Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен «Имамдарға арналған қызметтік пәтер» салуға Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлының қаулысымен, Ә.Бөкейхан ауданы, Восток-3 ықшамауданындағы жер теліміне жауапты мемлекеттік мекемелерден рұқсат алынып, құжаттары толығымен реттелді. Игі бастамаға имамдар, мешіт жамағаты, ақсақалдар қолдау көрсетті.
Іс-шара аясында тиісті жұмыстар жалғасын тауып, құрбан шалынып, құран оқылды. Ақсақалдар ізгілікті істің оңынан жүзеге асуына бата беріп, жақсы тілектер тіледі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz