Жаңалықтар

Хостел ғимараты Halyk Bank-ке тиесілі – әкімдік

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Әди Шәріпов көшесіндегі «Almaty Hostel» Halyk Bank меншігіндегі ғимаратта орналасқан, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

– Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk Bank-ке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Бұл хостел Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ, – деп хабарлады әкімдіктен.

Оқиға орнында Алматы әкімі Ерболат Досаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүр. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button