Халық мүддесі – билік назарында

Қарағанды облысы әкімінің ха­лық алдындағы 2016 жылғы есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан 37 мәселе көтерілді, 37 жазбаша ұсыныс түсті. Олардың негізгі әлеуметтік салаға байланысты болды.

Ешбір ұсыныс, өтініш назардан тыс қалған жоқ. Облыс әкімдігі шешімін күткен 23 мәселені жіті қадағалауға алды. Оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Азаматтарды балабақшалар мен мектептердің, су құбырла­ры­ның құрылыстары, аулаларды безендіру, су тасқынының алдын алу сияқты мәселелер толған­дыр­ды. Сонымен…

Қарағандыдағы Достық үйінің ауданын әрмен қарай игеру жоспарланды. Шығыс жағынан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 1200 орындық жаңа мектеп салынды. Жасыл желек отырғызылады. Ба­лалар мен жасөспірімдер үйін са­лудың сызбанұсқалық жобасы әзірленді.

Бөкетов көшесі бойындағы автокөлік жолы құрылысының 1 кезеңі аяқталды. Приканальная көшесі бойындағы автокөлік жо­лының Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейінгі ара­лығындағы құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді.

2016 жылғы көктемгі су тасқыны мезгілін қауіпсіз өткізу мақсатындағы іс-шаралар дер кезінде жүзеге асты. Жаңадан бөгеттер салынды, ескілері жөнделді. Арықтар, арналар тазартылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы сорғы станциясының №10 кәріз жүйесі коллекторын қайта жабдықтау қолға алынды. «Балқаш қаласы Саяқ кентінде су бөгетін және тазартқыш құрылымдар салу» жобасының концепциясы әзірленіп, құзырлы органдардың келісіміне жолданды. Қарқаралы ауданы Аппаз селосындағы жерасты сулары қорының есебі әзірленді.

Қаражал қаласына кіреберістегі автокөлік жолы мен су жеткізу құры­лымдары қалпына келтірілді.

Шахтинскіде коммуналдық базар ашу мәселесі қарастырылуда. Жезқазған қаласында 320 орындық жаңа балабақша ашылды. Қар­қаралыдағы оңалту орталығы күрделі жөндеуден өтті.

«Болат» футбол клубы «Шахтер» футбол клубының құрамына кірді.

Өзге төрт мәселе бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

Толық ақпарат Қарағанды облысы әкімдігінің www.karaganda-region.gov.kz сайтында жарияланған.

Қарағанды облысы әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.