Бас тақырып
Халықаралық байқаушылар: «Бәрі заң жүзінде өтуде»
Түс ауса да дауыс берушілердің қатары азаймады. Ал, референдум ашықтығын бақылайтын халықаралық байқаушылар тобы да өз жұмыстарын тыңғылықты атқаруда. Бұл жолы байқаушылар Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан №17 референдум учаскесіне бас сұқты.
ТМД байқаушылар комиссиясының мүшесі Дмитрий Михайлов референдумда ешқандай заң бұзушылықтардың тіркелмегендігін баса айтты.
– Бүгін біз алты учаскеде болдық. Ешқандай ескерту жасаған жоқпыз. Бәрі заң аясында өтіп жатыр. Біз ауылдық және қалалық жерге бақылау жүргіздік. Таңдау жасаушылардың қатары қалың. Көңіл күйлері де тамаша. Жас ерекшеліктері әрқилы, – деді ол.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz