Жаңалықтар

Халықаралық байқаудан жүлделі

24-26 наурыз күндері аралығында Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында «Eurasia piano forum»  оқушылар мен студенттерге арналған Vlll фортепиано даярлығының халықаралық байқауы өтті. Оған мамандандырылған мектептер мен колледждерден 200-ге жуық оқушы қатысты. Облыс атынан бақ сынаған Қарағандыдағы музыка мамандандандырылған мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Қазақстан мен Әзірбайжанның көрнекті өнер қайраткерлері Баян Мұқышева, Зуфар Рзаев, Нармина Гулиева, Елена Шин, Любовь Глинка сынды білікті мамандар болды. Сайыс қорытындысы бойынша Данил Хабибрахманов – І орын, Інжу Ерсаинова, Даяна Гайстен – ІІ орын иеленді. Ал, Ажар Абдишева, Карима Максут, Иван Труфанов, Аделя Гусманова, Даниил Квак пен Айша Джетенова жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.

Данил Хабибрахманов, Карима Максут, Даяна Гайстен қазылар алқасының арнайы сыйлығын иеленді. Сонымен қатар Данил Хабибрахманов «Қазақстан композиторларының шығармаларын шебер орындау» сыйлығын да иеленді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button