Жаңалықтар

Халық қалаулылары құқық қорғау әскерлерінің тұрмысымен танысты

2023 жылдың 12 тамызында  Маслихат депутаты Шүкіржан Кулжамбеков арнайы іс-сапарымен Қарағанды қаласының жедел мақсаттағы 5451 әскери бөліміне шолу жасап,  тыныс-тіршілігімен таныса өтті.

Кездесу барысында бөлім командирі подполковник Рауан Омаров депутатқа бөлімнің жауынгерлік жолына тоқталып, әскери қызметшілердің жатын-жайы мен тұрмыс-тіршілігін көрсетіп таныстырды.

Сапар барысында, депутаттар әскери бөлім басшылығымен кеңес ұйымдастырып, әскерилердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесін талқылады.

Кездесу соңында халық қалаулылары  бөлім жеке құрамына  қызметтік табыс, сәттілік  тіледі.

ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button