Жаңалықтар

Халқымызды қадірлеген қаламгер

    Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы биыл «Әдеби маусым» жобасын қолға алып отыр. Оқырмандардың әлем әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында мұнда «Неміс әдебиеті маусымы» бойынша «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігінің қатысуымен  жазушы, публицист, аудармашы, эссеист, әдеби сыншы, неміс әдебиетін зерттеуші Герольд БЕЛЬГЕРДІҢ шығармашылығына арналған «Казахские струны души Гер-аға» атты танымдық кеш өтті.

Кеш тізгінін алған «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі жанындағы жастар қанаты көшбасшысы Мария Борисеевич оқырмандарды жазушының өмірбаянымен таныстырып, оның шығармашылығына тоқталды.

Кеш барысында Т.Беншинкенов, А.Шедь, А.Гейнбихнер, П.Вторыгина, П.Бушуев жазушының еңбектерінен үзінділер оқып, пікір алмасты. Бейнекөрініс көрсетілді. Қонақтар кітапхана қорынан жасалған көрмеден жазушының кітаптарымен, журналдардағы мақалаларымен танысты.

Г.Бельгер шығармашылығының негізгі тақырыбы – Отан, оның кейіпкерлері қоныс аударған немістер, тағдыр тауқыметін көрген адамдар жайлы және кіші мен үлкеннің үнемі қойып отыратын: «Отан деген не, біздің Отанымыз қайда, бізде жалпы Отан бар ма?» деген сұрақтары төңірегінде. Бұл тақырыптар оның «Дом скитальца», «Тұйық су», «Разлад», «Зов» романдарында қозғалады. Сонымен қатар, бұл тақырып осы шараға қатысып, Г.Бельгерді тыңдап отырған тыңдармандарға да жақын. Өйткені, олардың көбісі Қазақстанға соғыс кезінде қоныс аударғандар.

Жазғы демалыста кітап әле­мімен қауыштырған бұл ма­ғы­налы кеш қазақ халқының қа­ді­ріне жеткен Г.Бельгердің шы­ғармашылығына деген қызығу­шылығымыз бен құрметімізді арттыра түсті.

Сандуғаш ТЕЛПЕКБАЕВА,

өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button