Халқы риза Рымбала

Рымбаланы 1960 жылдардан білеміз. Одан бері де талай заман өтті. Еңбегін көзбен көріп бағалайтын ел азаматтары Рымбаланы «Министр культуры Қарағанды» дейтін.

Рымбала – Қарағандының мәдениетінің дамуына жан-тәнін аямай, күні-түні қызмет істеп, көп еңбек сіңірген жан. Рымбаланың арқасында Қарағанды бізге екінші еліміз сияқты болып кетті. Қарағандылықтар Ерекеңнің әр туған күнін атап өтіп, концертін ұйымдастырып отырады.

Ерекең қайтыс болғаннан бері ұмытылмай көп нәрсе жасалды. Осы істердің бәрі Рымбаланың арқасы деп есептеймін. Симфониялық оркестр 1970 жылдары Ерекеңнің нұсқауымен құрылып еді. Қарағанды облысының басшысы Д.Коркин деген азамат болатын.

«Караганда – по значимости второй город в Казахстане. Вам не иметь симфонический оркестр стыдно. В Чехословакии в каждом районе есть симфонический оркестр» деп, облыс басшысына – «Сіз құдіретіңіз жетіп тұрғанда, күшіңіз жетіп тұрғанда бір симфониялық оркестр құрыңыз» деген ұсынысын айтқан. «Оған не керек?» деп сұрағанда 70-80 музыкант, аспап, үй керек. Инструмент те, әртістерге үй де оңай емес, сөйтсе де оркестрді құруға арналған іс-шаралар толық атқарылып, симфония оркестрі дүниеге келді.

Бүгінде еліміз ұялмайтындай тамаша оркестр, бүкіл әлемді шарлап, концерт беріп жүр.

П.Грибанов – өте жақсы, білімді дирижер. Қазақстандағы симфониялық оркестрлерден артық болмаса, кем емес. Осы оркестрге Еркеғали Рахмадиевтің атын бергізген де Рымбала болатын.

Ерекеңнің 90 жылдығында қарағандылықтар керемет концерт өткізді, еске алу кештерін ұдайы өткізеді. Рымбалаға қашанда ризамыз, өмір жасы ұзақ, абыройы биіктерден көрініп, бақытты болуын тілеймін!

Клара РАХМАДИЕВА.

Еркеғали Рахмадиевтің ­зайыбы

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.