Жаңалықтар

ХҚКО-ларда жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз

2023 жылғы 26 сәуірден 9 мамырға дейін еліміздің ХҚКО-ларда жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында қызметтердің барлық түрлері тоқтатылады.  Бұл “Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” жаңа ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты.           

– 2023 жылғы 26 сәуірден 9 мамырға дейін еліміздің ХҚКО жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалылықты) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейді. 26 сәуірге дейін қызметке тапсырыс бергендер белгіленген мерзімде нәтиже ала алады, – деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ.

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерді орындаудың, сондай-ақ құжаттарды жеткізу неғұрлым ұзақ мерзімді талап ететініне байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz арқылы қабылдаудан гөрі ертерек тоқтататылады.

Осы жылғы мамыр айының 2-і мен 9-ы аралығында eGov.kz порталы, нотариустар, салық, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелері арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау тоқтатылады. Сонымен қатар, аталған кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

– Жаңа жүйеге көшу қызметтердің қолжетімсіз болатын кезеңнің бір бөлігі жұмыс істемейтін күндерге түсуі үшін мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кету керек, МКББ-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық өмірлік жағдайлар кезең-кезеңімен цифрландырылады, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзетулер ұсыну мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеудің заңдылық факторлары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу пысықталатын болады, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button